Құрметті клиенттер!
«Деньги говорят» МҚҰ ЖШС (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасының қаржы нарығының қатысушысы бола отырып, төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Ж.Қ.Тоқаевтың халықты қолдау жөніндегі бастамаларына қосылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 725, 726, 727, 732, 733, 734, 735, 736, 737, 738, 739, 2022 ж. 740, 741, 742, 743, 744, 745 Жарлықтары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, халықты қолдау және микрокредит беру шарттары бойынша мерзімі өткен берешек жағдайларын болдырмау мақсатында:
Айыппұл есептеуге қатысты (айыппұлдар, өсімпұлдар)
2022 жылдың 5 қаңтарына дейін берілген барлық микрокредиттер бойынша төтенше жағдай кезеңінде, атап айтқанда 2022 жылдың 5-19 қаңтары аралығында Компания микрокредит беру шарттары бойынша айыппұл (айыппұлдар, өсімпұлдар) есептемейді және төлеуді талап етпейді. Бұл жағдайда клиенттерден өтініш қажет емес.
Төлемді кейінге қалдыруға (отсрочка) қатысты
Қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды жіберген жағдайда, кредиттік төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру қажеттілігінің себебін қамтитын еркін түрде жазған Клиенттің өтініші негізінде Компания 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін берілген микрокредит бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсына алады. Төлемді кейінге қалдыру туралы шешімді МҚҰ төтенше жағдайдың Қарыз алушының қаржылық жағдайы мен қызметіне әсерін бағалаудан кейін қабылдайды.
Клиенттер өтініш пен растайтын құжаттарды 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін ұсына алады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау нәтижелері бойынша Компания 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін берілген микрокредиттер бойынша қарыз алушымен келісім бойынша Компания белгілеген мерзімге дейін төлемді/дерді кейінге қалдыра алады.
Қарыз алушылардың өтініштерін қарау нәтижелері (төлемді кейінге қалдыру/бас тарту туралы шешім) tengeda.kz интернет-ресурсында тіркелу кезінде Қарыз алушының көрсеткен электрондық поштасына жіберіледі немесе қарыз алушы арызда көрсеткен немесе өтініш жіберген электрондық поштаға. Төлем мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішті бере отырып, Қарыз алушы мерзімі ұзартылған берешекті өтеу үшін жеткілікті мерзімді ұлғайту бойынша микрокредит беру шартының талаптарын Компания тарапынан біржақты тәртіппен өзгертуге келіседі.
Компания төлемді кейінге қалдыру туралы өтінішдерді ешқандай комиссиясыз қарастыратынына назар аударамыз.Төлемді кейінге қалдыру туралы өтініштерді қарастыру ешқандай делдалдардың қатысуынсыз тікелей Компания жүзеге асырады.Біз қарыз алушыларға делдалдардың қызметіне жүгінбеуді, сонымен қатар үшінші тұлғаларға төлем жасамауды қатаң түрде ұсынамыз!
Сұрақтарыңыз болса, біздің байланыс орталығының мамандары сізге көмектесіп, сұрақтарыңызға жауап береді. Елдегі жағдайдың өзгеруіне және Компанияның жылдам өзгеретін реттеу режиміне байланысты Компанияның өзгерістері мен толықтырулары және ақпараттық хабарламаларын уақытылы қадағалауды сұраймыз.
Байланыс орталығының телефон нөмірі +7 (778) 096 96 96, +7 (727) 355-96-96, жұмыс уақыты 9:00-ден 18:00-ге дейін
Сонымен қатар,Whatsapp арқылы +7 778 096 96 98 нөміріне де жазуға болады.
Өтініштер help@tengeda.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.