«TengeDa» компаниясы туралы
Әлем digital болып дамып келеді және барлық қаржы институттары ерте ме, кеш пе онлайн-қызметтерге ауысады. Бірақ TengeDa қазірдің өзінде цифрлық және мобильді болашақ канондары бойынша өмір сүруде. Біз Интернетте гаджеттер арқылы күнделікті байланысатын, жаһандық деңгейде ойланатын, жаңалықтарды білетін және тауарлар мен қызметтерді сатып алатын адамдар үшін өте қолайлы болып табыламыз. Олар кез-келген қызмет пен өнімді жаңа технологиялар ұсынатын қызмет жылдамдығы мен жайлылыққа сәйкес бағалайды.
TengeDa онлайн-микрокредиттік қызметінің тарихы сонау 2013 жылдан бастау алады, содан бері біз ескі және жаңа клиенттеріміз үшін әрдайым қолдауға ие болу үшін заманауи цифрлық үрдістерге қадам басып, белсенді дамыдық.
Біздің клиенттеріміз кім?
- Жалақы төлеу күнін күтетің адамдар;
- Форс-мажорлық жағдайға тап болғандар, мысалы, жедел сапар, күтпеген айыппұлды төлеу, емделу немесе автокөлікті жөндеу;
- Сәбиінің туған күнін немесе мерейтойын атап өткісі келетіндер, бірақ отбасылық бюджеттен ақша ала алмайтындар;
- Табыстарын бюрократиялық талаптары жоғары банктерге дәлелдей алмайтындар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектер және т.б.).
Бұл адамдардың барлығы отбасы мен достарынан қарызға ақша алғысы келмейді, керісінше олар TengeDa сияқты қаржылық құралды қолдана отырып, тәуелсіз болуды көздейді.
Сондықтан бізбен оңай - біз кез-келген банктің карточкасына, Қазақстанның кез-келген қаласына немесе ауылына, кепілсіз және кепілгерсіз, ақшалай онлайн микрокредит береміз. Мұның бәрін жұмыстан сұранбай және үйден шықпай-ақ жасауға болады.
Қызметтер:
- Біз tengeda.kz сайты арқылы микрокредитті береміз. Қолыңызда интернетке қол жетімді смартфон болса жеткілікті, сіз бізбен келісім жасасып, ақша алу арқылы біздің клиент бола аласыз - мұның бәрі қашықтан.
- Микрокредит сіздің банктік картаңызға 5 минут ішінде аударылады. Сонымен бірге сіз күндіз де, түнде де кез-келген уақытта ақша ала аласыз және қарызыңызды бүкіл ел бойынша 50 000 терминал арқылы төлей аласыз. Біз қаржылық қызметтерді қол жетімді етіп, өмірді ыңғайлы етіп жасаймыз. Бұл ыңғайлылықты дәстүрлі қаржы институттары бере алмайды.
- Сонымен қатар, біз әрқашан жеке жағдайларына байланысты өз клиенттерімізге түсіне қараймыз. Егер сіз микрокредитті уақытында төлей алмасаңыз, біз оның мерзімін айыппұлсыз ұзартамыз. Ең бастысы - бізге уақытында ескерту.
- TengeDa микрокредитінің максималды сомасы - 150 000 теңге. Біздің арқамызда көптеген адамдар өздерінің несиелік тарихын жақсы «құрып», кейінірек банктердің несиелік өнімдеріне үлкен сомада және төмен пайыздық мөлшерлемемен қол жеткізе алады. Әр түрлі себептерге байланысты әлі күнге дейін банктердің клиенті бола алмайтын адамдар бізден қаржы алады - бұл қаржылық инклюзия деп аталады.
- Сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі мен сенімді қорғалуына ең заманауи технологиялар - 2048 биттік шифрлау кілтімен кепілдік беруіміз маңызды. Бұл сіздің төлем картаңыздың немесе банктік шотыңыздың мәліметтері ешқашан үшінші тұлғаларға жетпейтіндігін білдіреді.
Біз банктерде және IT-компанияларда алған тәжірибемізді орнаған кредит беру дәстүрлерін өзгерту үшін қолданамыз. Қарыз алу мүмкіндіктері тек банктерден немесе досыңыздан қарыз алумен ғана шектелмейді.