«Деньги говорят» МҚҰ ЖШС (бұдан әрі – МҚҰ) Микрокредит беру қағидаларына сәйкес жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге микрокредиттер ұсынады. Клиенттердің ыңғайлылығы үшін төменде микрокредиттердің негізгі түрлерінің қысқаша сипаттамасы, олардың негізгі шарттары мен ерекшеліктері қарапайым және түсінікті тілде берілген.

«Деньги говорят» МҚҰ ЖШС микрокредиттердің мынадай түрлерін ұсынады:
| Параметр | «45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге» микрокредит | «Кестесі бар Микрокредит» | «ЖК үшін 45 к.к.-ге дейінгі микрокредит» | «ЖК үшін кестесі бар микрокредит» |
|---|---|---|---|---|
| Сомасы (теңге) | тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК-тің 45 еселік мөлшерінен аспайды | 100 000-нан 1 000 000-ға дейін | 80 000-нан 300 000-ға дейін | 300 000-нан 1 000 000-ға дейін |
| Мерзімі | 45 к.к.-ге дейін | 1 айдан 12 айға дейін | 45 к.к.-ге дейін | 1 айдан 12 айға дейін |
| Сыйақы мөлшерлемесі (жылдық %) | тәулігіне 0,29%-дан, бірақ берілген микрокредит сомасының 50%-нан аспайды | Жылдық 37,50% (отыз жеті бүтін елу сотық пайыз) | Жылдық 36,50% (отыз алты бүтін елу сотық пайыз) | Жылдық 38,75% (отыз сегіз бүтін жетпіс бес сотық пайыз) |
| ЖТСМ | тәулігіне 0,3%-дан аз, бірақ 179%-дан аспайды | 46%-дан аспайды | 46%-дан аспайды | 46%-дан аспайды |
| Өтеу әдісі | Біржолғы төлем | Аннуитеттік / Дифференциалданған | Біржолғы төлем | Аннуитеттік / Дифференциалданған |
| Қамтамасыз ету | Қамтамасыз етусіз | Қамтамасыз етусіз | Қамтамасыз етусіз | Қамтамасыз етусіз |
| Комиссиялар | Алынбайды | Алынбайды | Алынбайды | Алынбайды |
ҚР «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағының 1-2-тармақшасына сәйкес МҚҰ қарыз алушылардан сыйақы (пайыздар) мен міндеттемелерді орындауды кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбынан (өсімпұлдан) басқа ешқандай төлем алмайды. Ұйым микрокредитті мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтегені үшін комиссия (айыппұл) алмайды.
| Микрокредит түрі | Тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) мөлшері |
|---|---|
| «45 к.к.-ге дейінгі мерзімге» микрокредит | Орындалмаған міндеттеме сомасының 0,3% мерзімі өткен әрбір күн үшін. |
| «Кестесі бар Микрокредит» | Мерзімі өткен төлем сомасының 0,5% мерзімі өткен әрбір күн үшін. |
| «ЖК үшін 45 к.к.-ге дейінгі микрокредит» | Орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5% мерзімі өткен әрбір күн үшін. |
| «ЖК үшін кестесі бар микрокредит» | Мерзімі өткен төлем сомасының 0,5% мерзімі өткен әрбір күн үшін. |
Микрокредит алу туралы шешім қабылдағанда өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді салқын қанмен бағалаңыз. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау ауыр жағымсыз салдарға әкеледі.
Қарыз алушы микрокредитті кез келген ыңғайлы тәсілмен өтей алады:
Микрокредит алу туралы шешім қабылдағанда мынадай ережелерді сақтау ұсынылады:
Қаржылық сауаттылық — бұл адамға өз ақшасын дұрыс басқаруға, негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға және қаржылық тәуекелдерден өзін қорғауға көмектесетін білім мен дағдылар.
Қаржылық сауатты адам:
Қаржылық сауаттылық шамадан тыс борыштық жүктемеден аулақ болуға, жеке қаражатты сақтауға және қаржылық тұрақтылықты арттыруға көмектеседі.
Киберқауіпсіздік — бұл сіздің жеке деректеріңізді, банктік шоттарыңыз бен ақша қаражатыңызды алаяқтардан қорғау.
Өзіңізді қорғау үшін:
Алаяқтыққа күдіктенсеңіз:
Қаржылық қызметтердің әрбір тұтынушысы құқылы:
Егер құқықтарыңыз бұзылса:
Қаржы ұйымдары ҚР заңнамасының талаптарын сақтауға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
Балалар мен жасөспірімдер де интернет-алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Ең көп таралған схемалар:
Ата-аналарға ұсынылады:
Балаларға арналған басты қағида: парольдерді, SMS-кодтарды, банк карталарының деректерін ешқашан айтпау және бейтаныс адамдардың өтініші бойынша немесе күмәнді сайттар арқылы ақша аудармау.
Біз сookie-файлдарды сайтымызды пайдаланамыз