Ақшаны 3 минут ішінде алыңыз

120 000  тг
50 000  тг
150 000  тг

Қайтарылатын сома

143 101 тг
АРРФР РК № 02.21.0028.M. от 15.03.2021г - ҚР ҚНРДА 15.03.2021 ж. берілген № 02.21.0028.M лицензиясы

04-12-2024

Жаңа жылды сыйлықтармен бастаңыз – микрокредит алыңыз және ұтыс ойынына қатысыңыз!

Жаңа жылдың қарсаңында TengeDa өз клиенттері үшін арнайы акция бастайды. Бұл – техника дүкеніне арналған үш сертификаттың бірін ұтып алу мүмкіндігі және жаңа жылды пайдалы сыйлықтармен бастауға тамаша мүмкіндік!

 

1. Қалай қатысуға болады? 
2024 жылдың 4 желтоқсанынан 2025 жылдың 15 қаңтарына дейін кез келген қолжетімді сомаға микрокредит алыңыз.


Рәсімдеу кезінде арнайы «2025» промокодын енгізіңіз.

 

2. Жүлде қоры
1 орын – 500 000 теңгелік сертификат; 
2 орын – 300 000 теңгелік сертификат; 
3 орын – 200 000 теңгелік сертификат.

 

3. Ұтыс ойыны қашан өтеді? 
Ұтыс ойыны 2025 жылдың 20 қаңтарында біздің Instagram парақшамызда тікелей эфирде өтеді. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы микрокредиттің нөмірі бойынша анықталады. Микрокредиттер саны көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі жоғары болады! 

 

4. Жеңіс туралы қалай білуге болады? 
Таңдаушы болып табылғаныңызды білу үшін біздің tengeda.kz сайтқа кіріңіз. Жеңіс нәтижелері «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланады. Сондай-ақ, сіз біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жаңалықтармен таныса аласыз.

 

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз — эфирді бақылап, қатысыңыз! 2025 жылды бағалы сыйлықтармен бастаңыз. Бұл Жаңа жыл TengeDa-мен бірге ерекше қуанышты болсын! 
 

Микрокредит алу 


 

ҰТЫС ОЙЫНЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1.    ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1.1. Бұл құжат «Деньги говорят» МҚҰ» ЖШС, БСН: 190540004760 (бұдан әрі – Ұйымдастырушы), https://tengeda.kz/ порталында (бұдан әрі – Портал) өткізетін жаңа жылдық ұтыс ойынына (бұдан әрі – Ұтыс ойыны) арналған ресми ұсыныс (жария оферта, бұдан әрі – «Ережелер») болып табылады. Ұтыс ойыны лотерея болып табылмайды және осы Ережелердің талаптарымен толық және сөзсіз келісетінін растаған, осы Ережелердің талаптарына сәйкес Ұйымдастырушы өнімін (қызметтерін) сатып алған, Порталда тіркелген және Ұйымдастырушы сауалнамасын толтыру арқылы жеке кабинетке қолжетімділік алған кәмелеттік жастағы адамдар, Қазақстан Республикасының резиденттері (бұдан әрі – Қатысушы) арасында Ұйымдастырушы тауарларының (қызметтерінің) сатылымын ынталандыруды көздейді.


Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-399-баптарына сәйкес, Қатысушының осы Ережелерді қабылдап, талаптарымен толық және сөзсіз келісетінін растауы осы Ережелерде мазмұндалған талаптар бойынша оферта шартын жасасумен бірдей болып табылады.


ЖОҒАРЫДА МАЗМҰНДАЛҒАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ МӘТІНІМЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ЕРЕЖЕНІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ТАРМАҒЫМЕН КЕЛІСПЕГЕН ЖАҒДАЙДА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ҰТЫС ОЙЫНЫНА ҚАТЫСУДАН БАС ТАРТУДЫ ҰСЫНАДЫ.


1.2. Ұтыс ойыны Алматы қаласында өтеді. Ұтыс ойынының өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат Порталда және (немесе) Ұйымдастырушының әлеуметтік желісінде алдын ала жарияланады. Ұйымдастырушы Қатысушының Порталда тіркелу кезінде өз деректерін дұрыс және (немесе) анық көрсетпегені үшін жауапты болмайды.


1.3. Ұтыс ойыны өтетін кезең: 2024 жылғы 04 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 15 қаңтарға дейін қоса алғанда;


1.4. Ұтыс ойынының нәтижелері 2025 жылғы 20 қаңтарда Порталда және (немесе) Ұйымдастырушының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады. 
 

2.    ҰТЫС ОЙЫНЫНА ҚАТЫСУ 
2.1.    Конкурсқа қатысу тәртібі.  

Ұтыс ойынына қатысу үшін Қатысушы мына әрекеттерді орындауы тиіс. 

-    2024 жылғы 04 желтоқсан күнгі сағ. 12:00-ден бастап 2025 жылғы 15 қаңтарға дейін қоса алғандағы аралықта Ұйымдастырушыда микрокредит рәсімдеу. 
-    Микрокредит рәсімдеу кезінде сауалнамада «2025» промокодын енгізу; 
-    Қатысушының жас мөлшері: 21 жастан жоғары; 
-    Микрокредиттерге қойылатын талаптар: 
               ● Ұтыс ойыны өтетін кезде (2025 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша) төлем мерзімін 5 күннен артық кешіктірмеген. 
               ● Қарыздар қайта құрылымдалмаған немесе төлем мерзімі кейінге қалдырылмаған болуы тиіс (2025 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша). 

2.2.    Ұйымдастырушы кез келген Қатысушыны себебін түсіндірместен ұтыс ойынынан шығару құқығын өзіне қалдырады. 

2.3.    Микрокредит рәсімдегеннен кейін Қатысушыға клиенттің микрокредит рәсімдеу кезінде көрсетілген телефон нөміріне Ұтыс ойынына қатысатынын растайтын СМС жіберіледі.

 

3.    ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ 
3.1.    Жеңімпаз «Random» сервисінің көмегімен немесе Ұйымдастырушы Порталда көрсеткен күн мен уақытта Ұйымдастырушы таңдаған басқа қолжетімді сервис арқылы анықталады. 

3.2.    Микрокредит рәсімдеу кезінде «промокодты» енгізу ұтыс ойынына қатысудың міндетті талабы болып табылады. 

3.3.    Жүлде иегерлерін анықтаудың барлық нәтижелері түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.

 

4.    ҰТЫС ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ 
4.1.    Промокодтың қолданылу мерзімі Ұтыс ойыны өтетін кезеңмен шектеледі. 

4.2.    Микрокредитті онлайн рәсімдеу кезінде Промокодты пайдалану үшін оны «Промокод» өрісіне енгізу керек. 

4.3.    Ұйымдастырушы мына жағдайларда жүлденің Ұтыс ойынын қайта өткізуге құқылы: 
4.3.1.    Ұйымдастырушы Жеңімпаздан кез келген нысанда Жүлдені алудан бас тарту алғанда; 
4.3.2.    Жеңімпаз анықталғаннан кейін үш күн ішінде Жеңімпаз жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жауап бермегенде; 

4.4.    Ұтыс ойынының Жеңімпазы мына жағдайларда Жүлдені алу құқығынан айырылады: 
а) Ұтыс ойынының Ережелерін бұзғанда; 
b) Жеңімпаз деп жарияланған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде Ұйымдастырушымен байланысқа шықпағанда және онымен байланысу әрекетіне жауап бермегенде; 
d) Ұйымдастырушы Жеңімпаздан кез келген нысанда Жүлдеден бас тарту алғанда; 
f) Жүлдені алу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетпегенде. 

4.5.    Ұйымдастырушыға байланысты емес кез келген себептер бойынша Жүлдені алу мүмкін болмаған, соның ішінде, бірақ онымен шектелместен, Жеңімпаздың аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе басқа да байланыс деректері қате көрсетілген жағдайда, Ұйымдастырушы ешқандай жауапкершілік көтермейді. Мұндай Жеңімпаздар Ұйымдастырушыдан қандай да бір өтемақы алуға құқылы емес. 

4.6.    Талап етілмеген Жүлделер Ұйымдастырушының иелігіне өтеді, бұл жағдайда Ұйымдастырушы Ұтыс ойынын қайта өткізу құқығын өзіне қалдырады.  

4.7.    Ұтыс ойынының барлық нәтижелері, сондай-ақ Ұтыс ойынын Ұйымдастырушының шешімдері түпкілікті болып табылады және оларға шағым жасалмайды. 

4.8.    Жүлде ақшалай баламасында берілмейді және оны үшінші тұлға ала алмайды. 

4.9.    Жүлдеге меншік құқығы Жеңімпазға оны алған кезде өтеді. Осы сәттен бастап Ұйымдастырушы Жүлдені жоғалтумен, оны иеленумен және иелік етумен байланысты тәуекелге жауапты болмайды.

 

5.    ҰТЫС ОЙЫНЫНЫҢ ЖҮЛДЕЛЕРІ  
5.1.    Ұйымдастырушы Жүлделерінің (бұдан әрі – Жүлде) атауы мен саны: 

5.1.1.    Бірінші жүлде – «Technodom Operator» АҚ-на 500 000 (бес жүз мың) теңгелік сертификат; 

5.1.2.    Екінші жүлде – «Technodom Operator» АҚ-на 300 000 (үш жүз мың) теңгелік сертификат; 

5.1.3.    Үшінші жүлде – «Technodom Operator» АҚ-на 200 000 (екі жүз мың) теңгелік сертификат.

 

6.    ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
Ұтыс ойынына қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, сондай-ақ осы ережелерде белгіленген құқықтарға ие және міндеттерді атқарады. 

6.1.    Қатысушы құқылы: 
6.1.1.    Ұтыс ойынына қатысуға және басқа адамдарды қатысуға шақыруға; 
6.1.2.    Ұйымдастырушыға хабарласып, Ұтыс ойынының өту барысы және қорытындысы туралы сұрап білуге; 
6.1.3.    Кез келген уақытта Ұтыс ойынына қатысудан бас тартуға; 
6.1.4.    Жүлдені алуға немесе оны алудан бас тартуға; 
6.1.5.    Ұйымдастырушымен келіскеннен кейін жүлдені иелену құқығын басқа жеке тұлғаға беруге. 

6.2.    Қатысушы міндетті: 
6.2.1.    Осы Ұтыс ойынын өткізу ережелерін сақтауға; 
6.2.2.    Жүлделерді немесе сыйлықтарды алу кезінде Ұйымдастырушыға шынайы аты-жөні мен байланыс деректерін айтуға, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетуге;

 

7.    ҰЙЫМДАСТЫРУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
7.1.    Ұтыс ойынын Ұйымдастырушы міндетті: 
7.1.1.    Осы Ережелерде белгіленген тәртіпте Ұтыс ойынын өткізуге; 
7.1.2.    Осы Ережелердің 3-тармағына сәйкес, Ұтыс ойынының жеңімпазын анықтауға; 
7.1.3.    Жеңімпаздарды жүлделер мен сыйлықтар алу құқығы туралы хабардар етуге; 
7.1.4.    Осы Ережелердің 4-тармағына сәйкес, Жеңімпазға жүлдені беруге; 
7.1.5.    Өткізіліп жатқан Ұтыс ойынына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тиісті салықтарды, міндетті алымдар мен басқа да төлемдерді төлеуге жауапты болуға.

 

8.    ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР 
8.1.    Ұтыс ойынына Қатысушы өз атынан жеке өзі, өз еркімен және өз бетінше әрекет етеді. Ұтыс ойынына Қатысушы барлық жауапкершілік тәуекелдерін және Ұтыс ойынына ықтимал қатысуымен байланысты салдарды өз мойнына алады. 

8.2.    Ұтыс ойынының әрбір Қатысушысы Ұтыс ойынына қатысу арқылы өзінің осы Ұтыс ойыны ережелерімен танысқанын, олармен толық келісетінін және оларды сақтауға міндеттенетінін растайды және куәландырады. 

8.3.    Ұтыс ойынына Қатысушы Ұтыс ойынына қатысу арқылы Ұйымдастырушы тауарларына қатысты ақпаратты алуға келісімін береді. Ұйымдастырушы Қатысушыға онымен алдын ала келіспестен, жеке хабарлама арқылы кез келген ақпаратты жіберуге құқылы. 

8.4.    Ұтыс ойынына қатысу фактісі Ұтыс ойынына Қатысушылардың Ұтыс ойынын өткізу аясында белгілі болған дербес деректерін Ұйымдастырушының және/немесе ол Ұтыс ойынын өткізуге тартқан үшінші тұлғалардың жарнама мақсатында, Қатысушыларға қандай да бір сыйақы немесе өтемақы төлеместен және мерзімін шектеместен пайдалана алатынына келісімін білдіреді.

 

9.    БАСҚА ТАЛАПТАР 
9.1.    Ұтыс ойынын өткізу ережелерін Ұйымдастырушы Ұтыс ойынын өткізу ережелеріндегі өзгерістер туралы ақпаратты (ережелердің жаңа редакциясымен бірге) tengeda.kz интернет-ресурсында орналастыру арқылы алдын ала хабарламастан, біржақты тәртіпте өзгерте алады, соның ішінде Ұйымдастырушы Ұтыс ойынының мерзімін ұзартуға немесе мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Бұл ретте Акцияға қатысушылар қандай да бір өтемақы және/немесе залал өтеуді талап етуге құқылы болмайды.  

9.2.    Ұйымдастырушының жұмыскерлері мен олардың туыстары, Ұтыс ойынын өткізуге тартылған тұлғалар мен олардың жұмыскерлері, сондай-ақ осы Ережелердің талаптарына сай келмейтін немесе толық емес және (немесе) дұрыс емес ақпарат пен құжаттарды ұсынған тұлғалар Ұтыс ойынына қатысуға құқылы болмайды, сондай-ақ Жүлделерге үміткер бола алмайды. 

9.3.    Ұйымдастырушы Қатысушылар ұсынған ақпарат пен құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексеруге құқылы. Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес, Қатысушы осы Ережелердің талаптарымен келісе отырып, Ұйымдастырушының Қатысушы туралы дербес деректерді, оның ЖСН нөмірі мен электронды пошта мекенжайын заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен және тек осы Ережелерде көрсетілген мақсаттарда жинайтынын, өңдейтінін, қол жеткізетінін, сақтайтынын, алатынын және тарататынын растайды және келіседі. 

9.4.    Қатысушылардың Жүлделерді алу үшін қажет ақпарат пен құжаттарды уақтылы және толық көлемде ұсынбауы Қатысушылардың Ұйымдастырушы тарабынан қандай да бір өтемақысыз Жүлделерді алудан бас тартуына теңестіріледі. 

9.5.    Ұйымдастырушы Қатысушылармен Ұтыс ойынын өткізуге қатысы жоқ жазбаша келіссөздер жүргізбеуге немесе басқа да байланыс жасамауға құқылы. 

9.6.    Ұйымдастырушы үшінші тұлғалардың кінәсынан кешіктірілген немесе жоғалған хаттар мен жөнелтімдер үшін жауапты болмайды. Ұйымдастырушы Қатысушыларды тіркеумен байланысты іркілістер, ұялы байланыстағы немесе пошта қызметтерінің жұмысындағы іркілістер үшін, сондай-ақ олардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін жауапты болмайды. 

9.7.    Ұйымдастырушының интернет-ресурсында тіркелу арқылы Қатысушы өзінің өз мемлекетінің кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматы екенін; осы Ережелермен танысқанын және олармен келісетінін, сондай-ақ өзінің аты-жөнін, суреттерін (фото, бейне), сұхбаттарын Ұйымдастырушы мен ол уәкілеттік берген тұлғалардың кез келген тәсілмен пайдалануына және әрі қарай Ұйымдастырушы мен ол уәкілеттік берген тұлғалардан кез келген ақпаратты, өнімдер мен материалдарды алуына келісімін беретінін растайды.  

9.8.    Ұтыс ойынына қатысу фактісі арқылы Қатысушылар Ұйымдастырушыға Қатысушылардың аты-жөндерін, суреттерін (фото, бейне), сұхбаттарын және Қатысушылардан алынған және (немесе) Қатысушылардың қатысуымен жасалған басқа да материалдарды көшірудің (барлық көшіру тәсілдері бойынша), таратудың, көпшілікке көрсетудің, көпшілік алдында орындаудың, эфирге шығарудың, көпшілікке хабарлаудың, аударудың, көпшілік назарына жеткізудің, сондай-ақ аталған аты-жөндерді, суреттерді (фото, бейне), сұхбаттарды және басқа да материалдарды басқа тұлғалардың пайдалануына, соның ішінде осындай құқықтарды үшінші тұлғаларға беруіне тыйым салудың айрықша құқығын береді. 

9.9.    Ұтыс ойынына қатысу Қатысушылардың осы Ережелердің талаптарымен танысып, толық келіскенін білдіреді. Ұйымдастырушының пікірінше, Қатысушылар осы Ережелерді және (немесе) көпшілік қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды бұзуға жол берген жағдайда, Ұйымдастырушы мұндай Қатысушылардың Порталға кіруіне тосқауыл қоюға және (немесе) мұндай Қатысушыларды Ұтыс ойынына қатысушылар қатарынан шығаруға және Ұйымдастырушы тарабынан қандай да бір өтемақысыз Ұтыс ойынына одан әрі қатысуға жібермеуге құқылы. Мұндай Қатысушылар Жүлделерді алуға үміткер болуға құқылы емес. 

TengeDa компаниясының микрокредит беру шарттары Стрелка

Осы сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз құпиялық және cookie файлдарын пайдалану саясатымен келісесіз.

Біз сookie-файлдарды сайтымызды пайдаланамыз

arrow